Новости на Newstaraz.

Жапон соғысына қатысып, тұтқында болған ОҚО тұрғыны 105 жасқа келді (фото, видео)

newstaraz.kz

Омар ата жұбайы Ұлжан апамен. Фото: nur.kz

ОҚО-да 105 жастағы қария ұзақ жасаудың құпияларымен бөлісіп, жұртты қалжыңымен күлкіге қарық қылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен пресс-тур барысында бір топ журналистер Қазығұрт ауданында тұратын қария Омар Сапарбековтің шаңырағында болды. Отағасының жасы 105-келді деп айта алмайсың. Өздігінен еркін жүріп-тұратын ақсақал өткен күндерін мүдірместен еске алып, айтып берді.

Сонау сұрапыл соғыс жылдарындағы басынан өткерген қиын-қыстау кезеңін көз алдына жүгірткен қария екі рет жау қоршауының тұтқынында қалып қойған. 1945 жылы тұтқыннан босап шыққан ол Жапон соғысына қатысып, бір жыл өткен соң еліне аман-есен оралған.

Жүз жасаған ерлі-зайыптылар бата беруде. Фото: nur.kz

Содан отбасын құрып, нәпақасын мал бағудан тапқан. Қариялардың шаңырақ көтерулеріне жеңгелері себеп болыпты.

«Енді бізді ағаларымыз бен жеңгелеріміз таныстырды ғой. Содан бір-бірімізді ұнатып, шаңырақ көтердік»,-деді Омар атаның 97 жастағы жұбайы Ұлжан әжей.

Фото: nur.kz

Қарт кісілер ұзақ жасауларының құпиясын ағарғанмен байланыстырады.

«Біздің кезімізде бүгінгідей таңдап-талғап жейтін заман емес еді. Тапқанымызды ішіп-жедік. Ұзақ жасауымыздың сыры айран мен сүттен шығар» деген кейуана жолдасы ұннан жасалынған тамақтардан бас тартпайтынын айтты.

Яғни, ақсақал әлі күнге дейін асылған ет тағамын сүйіп жейді. Ал орамжапырақ пен картопты мүлдем ұнатпайды. Қуырылған картоп ұзақ жасаған қария үшін денсаулыққа зиян келтіретін тағамдардың қатарына жатады. Оның айтуынша, бастысы, уақытылы тамақтану ағзаны бір қалыпты ұстап тұруға септігін тигізеді екен.

Похожие статьи

Фото: nur.kz

«Ұзақ жасау тек Алланың ғана қолында. Алла өзі рақым береді. Дегенмен, адам өзін тәрбиелей білу керек. Темекі тартып, арақ ішіп көшеде аунап жатпауы керек. Тамақты белгілі бір режиммен жеген жөн. Уақыт болса, күніне үш рет емес, төрт реттен тамақтанған абзал. Бірақ, бір тамақтанғанда тоя жеу мақсат емес, аз-аздап тамақтанған жөн» деген қариядан тату-тәтті өмір сүрудің де сырларын сұрап білдік.

Фото: nur.kz

Отандасқандарына 71 жыл болған ерлі-зайыптылар кейде ұрыс-керістің де болатынын жасырмайды.

«Мен кемпіріммен ешқашан «сен» деп сөзге келген адам емеспін. Менің айтқанымды орындап, мен де шамамның келгенінше алақанымды салып отырамын», — деді Омар ақсақал. Оның сөзін жұбайы да растап отыр.

«Ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз ғой, шырағым. Өтіп жатқан өмір… Күйеуге қатты сөйлемей, сол кісінің айтқанын жасап, тілін алсаң, көп ұрыс та болмайды. Кейде сөзге келіп те қалатын сәттер болып тұрады. Ондай кейде өзіміз ұрысып, кейін татуласып кетеміз ғой», — деген Ұлжан әжей сөзінің соңында жас ұрпаққа өздері секілді ғұмыр жасауды тіледі.

Ұлжан апаның алтын алқасы. Фото: nur.kz

Осы ретте айта кетейік, ұзақ жасап отырған қария мен кейуана 10 ұл-қызды тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 46 немере, 18 шөбере мен 5 шөпшектің қызығын көріп отыр. Сондай-ақ, 97 жастағы Ұлжан әжей әлі күнге үй шаруасында келіндеріне қол ұшын беріп, тіпті тігіс те тігеді.

Сұхбат соңында көпшілікке бата берген ақсақал Омар Сапарбеков ән айтып, қалжыңымен тілшілерге күлкі сыйлады.

newstaraz.kz

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »