Новости на Newstaraz.

Жапония Ресейге қарсы санкция тізімін кеңейтті

newstaraz.kz

Иллюстративное фото

Жапония 3 ақпаннан бері Ресейге вакциналар, медициналық құрал-жабдықтар, роботтар экспорттауға тыйым салады. Осылайша Жапония Ресейге қарсы Украинаға басып кіргені үшін санкциялар тізімін кеңейтті.

Бұл жөнінде Жапонияның экономика және сауда министрлігі хабарлады. Аталған күннен бастап бұдан бөлек атом нысандары үшін, мұнай және табиғи газ барлау құрал-жабдықтарын да Ресейге сатуға тыйым салады.

Экспорттық шектеу 49 ресейлік ұйымға енгізілген.

Жапония сонымен бірге жекелеген адамдарға қатысты да санкция тізімін кеңейтті. Токио ресейлік 22 жеке тұлғаның және 3 ұйымның активтерін құлыптайды. Атап айтқанда, әділет министрі Константин Чуйченко, вице-премьер Андрей Белоусов, Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилова, Балалар құқығы жөніндегі арнайы уәкіл Мария Львова-Белова және философ әрі саясаттанушы Александр Дугин «қара тізімге» енді.

Токио сонымен бірге ресейлік «Иркут» корпорациясын, «КАМАЗ», «Авангард» Мәскеу машина құрылыс зауыттарын да «қазар тізімге» енгізді.

Былтыр ақпан айында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Жапония президент Владимир Путиннен бастап бірнеше шенеуніктерге санкция салған. Токио әрі Украинаға гуманитарлық көмек жіберетінін мәлімдеген.

Ресей Жапонияны өзіне қас елдердің тізіміне қосып, жапон балықшыларына Оңтүстік Курил теңізінде балық аулауға тыйым салған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »