Новости на Newstaraz.

Жас келін шымкенттіктердің неліктен мақтаншақ әрі әлемге танымал екенін айтып берді

newstaraz.kz
Фото: gonzo.kz

Шымкенттік келін өзінің жерлестері туралы жаман пікірлердің неліктен туатынын айтып, жағымсыз жақтарды жоққа шығарды. Сонымен, Шымкент десе, неге бәрі үркитінін NUR.KZ порталының тілшісі анықтауға тырысты.

Фото: surak.szh.kz

Алдымен назарларыңызға ел арасында шымкенттіктер туралы туған теріс пікірлер тізбегін ұсынсақ.

1. Мақтаншақ халық

Шымқалалық десе, көптің көз алдына тындырған жұмысы мен әрекеттерін ауыз көпіртіп айтып, әсіресе көпшілік ортада мақтанғысы келіп тұратын азаматты елестетеді.

2. Шымкент — әлемге танымал

Фото: yvision.kz

Иә, иә, бұрыс оқып отырған жоқсыз. «Шымкент — Африкада да Шымкент» деген ұранды ұстанғандар күнгейдегі бұл қала Қазақстан былай тұрсын, әлемге аты шыққан шаһар деп ойлайды.

3. Шымкентте барлығы болмаса да, көбінде жоғары білімі бар азамат — абыройлы

Бірақ дипломы шаң болып, сандық түбінде қалып жататын да жайттар көптеп кездеседі. Тіпті кейде өсіріп отырған қызының маман иесі болуы оны тұрмысқа берерде қалыңмал құнына әсер етеді деп ойлайды.

4. Шымкенттік көлік жүргізушілері өздерін «трасса қожайыны» санайды

Фото: gonzo.kz

Олар ережеге бағынбай, өз дегендерімен көлік басқаруға үйреніп қалған. Мұндайлар Астана, Алматы секілді ірі қалаларда бірден көзге түсіп қалады. Ал Шымкентітң өзінде көлік тізгіндегендер «жол бойында «шустрый» болмасаң, жағдай қиын» дегенді айтып жүр.

5. Шымкенттіктерді қу халық дейді

Олар өздеріне керек кезде асты-үстіңе түсіп, кейін танымай кетуі мүмкін.

6. Криминалды жағдайымен аты шыққан бұл қала туралы ел арасында «Не шықса да, Шымкенттен шығады» деген ұғым қалыптасқан

Өйткені бұл шаһар тұрғындары қызуқандылау келеді.

7. Шымкенттіктер тек өздерін еңбекқор санап, өзгелер түк бітірмей жүр деген пікірде.

Әрине, олардың еңбекқорлығында дау жоқ. Дегенмен өзін тау қопарып жатқандай сезіну тым артық сияқты.

8. Дөрекі халық

Балағаттар, болмашы нәрседен үлкен дау туғызғыш халық. Үнемі балағат сөздерін аузынан тастамайтындарды өзге қалалықтар бірден «шымкенсткий» деп танып жатады.

Демек, бұл шымқалалықтарды өзгелерден оңай айыратын сөз болып табылады.

9. Парақор халық

Фото: sreda-online.ru

Бәлкім келіспессіз, бірақ Шымкентте ақшасыз істің бітуі қиын.

10. Шымкентте келінді құлындай көріп, отырса опақ етеді дегенді көпшілік жақсы біледі

«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» емес пе?

Похожие статьи

Шымкенттің тумасы, осында тұрмысқа шығып, 26 жасында үш баланың анасы атанып отырған шымқалалық Айгүл Әбдіниязқызы бұл пікірлермен келіспейді.

1. Тек шымкенттік емес, жалпы біз мақтаншық халықпыз ғой

Сол себептен жақсы тұсыңды елге айтып, көпшілікпен бөлісудің еш әбестігі жоқ. Сондықтан да «шымкенттіктер мақтаншақ» дегенге үзілді-кесілді қарсымын.

2. Несі бар екен?

Болса біздей-ақ болып алсын. Өнер немесе спорт болсын, біздің атағымыз жер жарады. Танымалдығымыз да сондықтан шығар? Қала тұрғыны ретінде мұнымен келісемін. Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз да, шымкенттіктерді шертіп жүріп тауып аласыз. Демек, Шымкент расымен де танымал. Тек бұл сөздің астарынан кір іздеудің қажеті шамалы.

3. Енді диплом мәселесіне келсем, рас, несін жасырайын?

Бірақ бұл дипломның түкке қажеті жоқ деген сөз емес. Жоғары білімімен талай белестерді бағындырып жүргендер көп. Ал ата-ана қызының қалыңмалы көп болсын деп емес, аялап отырған перзентінің көзі ашық, барған жерінде дым көрмегендей болып отырмасын деген ниетпен білім алуына мүмкіндік жасайды.

4. Көлік жүргізу жағына келсем, мойындаймын

Біздікілер сондай енді (күліп). Себебі, біздің ер азаматтар үйлерінде қожайын болып үйреніп қалған ғой. Ал олар темір тұлпарын өздерінің екінші әйелі деп санайды. Демек, «темір тұлпарын» тізгіндегенде өздерін «трасса биі» санап кететін шығар ( күліп)?

Тек Шымкентте жол жүру ережесі сақталмайды емес. Ережеге бағынатындар жетерлік. Егер бұзса, айыппұл төлеуден қашпайды. Бұл мемлекет қазынасына келетін қосымша «инвестиция» десем қателеспейтін шығармын (күліп).

5. Осы жұртты түсінбеймін, неге бірден «қу» деп шығады?

Меніңше, мұндайды өмірдің өзі үйретеді және ондайлар бір ғана Шымкентте емес. Қайта Астана, Алматыдағыларға қарағанда шымкенттіктер бауырмал, қонақжай. Барын бөлісіп беруге дайын тұрады.

Қайда жолықсаң да жарқылдай алдыңнан күтіп алып, саулығыңды сұрап жатады. Бұл ешқандай да қулыққа жатпайды.

6. Криминалды жағдай дейтіндей, бізде күн сайын қылмыс болып жатқан жоқ

Баласын терезеден лақтырып я болмаса дәретхана қағазын аузына тығып кеткендерді жұрт неге айтпайды осы? Қылмыс елдің барлық аймағында орын алып жатыр. Мына жақ қылмыскерлер ошағы дегеннен гөрі онымен біріге күрес жүргізу керек қой.

7. Еңбекқор халық екеніміз рас

Тек жұмыс істесек, өзіміз үшін істейміз. Тіпті, тау қопарсақ та. Өмір көшінен қалып қоймас үшін тынбай еңбек ету қажет.

8. Енді бұл біздің ең «больное местомыз»

Бірақ мұндай сөзге біздің құлағымыз үйреніп қалған. Боқ ауыз сөзді тек шымкенттіктер айтпайды. Өзгелерінің де аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан талай сәттерді өз көзіммен көргенмін.

9. Қазақта «мен ұрлық жасаған күні ай жарық болыпты» деген бар емес пе?

Иә, бізде парақорлық мүлдем жоқ деп өтірік айтқым келмейді. Бірақ теледидардан талай қызметкердің пара алып, темір торға тоғытылып жатқанын көрдік. Олардың бәрі бірдей шымкенттік емес.

10. Шынымды айтайын ба, өзім де ата-ененің тәрбиесін алып, бала сүйіп отырған келінмін

Мұндай пікірді кімнің ойлап тапқанын білмеймін. Бәлкім бар да шығар ондайлар. Бірақ саусақпен санарлық қана. Өзімнің енем мені қызынан кем көрмейді. Бізде аялы алақанына салып отырған қызын қалай жақсы көрсе, келініне де өзгенің қызы деп сондай көзқарас танытады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »