Новости на Newstaraz.

Жастарды интернет арқылы өлімге итермелеп жүрген кім? (фото)

newstaraz.kz

Филип Будейкин. Фото: Stuki-Druki.com

Ресейдің тергеу комитеті Вконтакте әлеуметтік желісіндегі атышулы өлім топтарына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің ұсталғанын мәлімдеген болатын. Мәскеу маңында кәмелетке толмаған балаларды ашық түрде өз-өзіне қол жұмсауға көндіретін «Синий кит» ойынын ойлап тапқан Филипп Будейкин өткен жылдың қараша айында құрықталған.

Алғашында Ресей аймақтарында кеңінен таралып, жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауына себеп болған атышулы ойын соңғы кездері Қазақстанда да жайыла бастаған.

Похожие статьи

Әлеуметтік желідегі бұл жағдайды алғаш болып журналистер көтеріп, адам шошырлық статистиканы келтірді. Сондай-ақ, олар өз-өзіне қол жұмсаған балалардың туыстарымен тілдесе келе желідегі сұмдықтың бетін ашты. Ғаламторда 12-16 жас аралығындағы жеткіншектерді саналы түрде өз-өзіне қол жұмсауға ашық итермелейтін топтардың бүтін бір жүйесі анықталған.

Оның басты әкімшісі «Филипп Лис» аккаунтымен тіркелген Филипп Будейкин есімді жігіт өткен жылдың 15 қарашасында Мәскеу облысында 2 айға ұсталды.

pogudx4c7s6gl4rgd.f550dcf0

Бүгінгі таңда ресейлік сот оның қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған 15 баланың өз-өзіне қол жұмсағанын анықтаған. Психологиялық-лингвистикалық сараптама да желіде жазылған хат мәтіндерінен сиуцидке итермелейтін мәліметтерді айқындапты.

Ал, балаларды өлімге апаратын ойынға кіргізіп, түрлі тапсырмалар арқылы олардың психологиясын улаған Будейкин бұл ойынды жүргізуді әлі де тоқтатпайтынын айтып отыр. Сонымен қатар, ол жазғыз емес екенін, оның жанында тағы бірнеше сыбайластары барын жеткізді.

«Мен әлі жаспын. Бастаған ісімді әрмен қарай жалғастыра беремін. Көптеген жеткіншектерге менің көмегім керек», — дейді ол Ресей басылымдарының біріне берген сұхбатында. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда өлімге апаратын ойынның алғашқы құрбандары белгілі болғанын хабарлаған едік.

NUR.KZ

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »