Новости на Newstaraz.

Жасы 35-ке келген қазақ қызы балалы болудан бас тартты

newstaraz.kz

Фото: «Әйел бақыты» бағдарламасынан скриншот

Балалы болудан саналы түрде бас тарту құбылысы қазақ қоғамына да еніп келеді. Өзі үшін өмір сүруді әдетке айналдырған қыздар ана болу жауапкершілігінен қашатыны белгілі болды. Әйел бақыты бағдарламасында жасы 35-ке келген әйел неліктен мұндай өмір салтын таңдайтынын айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Шолпан жеке кәсіппен айналысады. Жақын арада тұрмыс құру туралы ойы жоқ.

«Тұрмысқа шыққым келмейді. Оқыдым, екі дипломым бар. Қазір жеке кәсіппен айналысып жүрмін. Карьера қуғым келеді», — дейді ол.

Похожие статьи

Шолпан балалы болуға дайын емес екенін айтты.

«Дене сымбатымды құртқым келмейді, бет-әлпетімді жақсы ұстағым келеді. Оны (тұрмысқа шығуды – ред.) уақытында көреміз. Әлі жаспын. Қырыққа толған кезде тууға болады. Отағасы болатындай ер азаматтар бар, алайда дәл қазір дайын емеспін. Баланы туудың жауапкершілігі мол. Балабақшасы бар, тамағын дайындап беру керек. Мен жанымдағы баласы бар әйелдерді көріп жүрмін. Балаларын ата-енелері қарап жүр. Немесе жұмыс істемей үйде отыр. Мен олар сияқты жүргім келмейді», — дейді Шолпан.

35 жастағы әйел балалы болу жауапкершілігінен қорқатынын ашық білдірді. Белгілі журналист Қанат Әуесбайұлы бұл құбылыстың батыста қалыпты жағдайға айналғанын айтады. Оның ойынша, чайлдфри субмәдениеті ол жақта тек әйел адамдардың ғана емес, ерлердің арасында да кең етек жайған.

«Өзім оқыған университетте 45 жастағы оқытушы ер азамат та осындай өмір салтын ұстанған. Ол өзі үшін өмір сүреді. Эгоистік сана билеген. Бүкіл әлемді аралап, дүниенің қызығын көріп жүр. Ол баланы қолбайлау деп түсінеді. Кейін жасы келгенде ол өзіне қызметкер жалдайтынын айтты. Бұл субмәдениет өкілдерінің ортақ клубтары, әлеуметтік желіде топтары бар. Өздерімен өздері өмір сүріп жатқан қозғалыс», — дейді журналист.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »