Новости на Newstaraz.

Жаудың оғы: Қостанайлық қария жамбасындағы оқпен 73 жыл бойы жүрген (фото)

newstaraz.kz

Балтабай Қазиев жұбайымен. Фото: kostanaytany.kz

Ұлы Отан соғысының ардагері Балтабай Қазиевтың денесінде 73 жыл бойы оқ жүрген. Тоқсан үш жасқа аяқ басқан ақсақал биылғы шілде айында ота жасатып, жамбастағы жаудың оғын алдыртты деп жазады Қостанай таңы.

Балтабай ақсақал 1943 жылдың жазында, он сегізге толар-толмас шағында әскерге алыныпты. 1944 жылы 4-ақпан күні жаумен кескілескен ұрыстардың бірінде жауынгер Қазиев ауыр жараланыпты.

Балтабай Қазиевтің жамбасынан алынған оқ. Фото: kostanaytany.kz

Қатарынан екі оқ тиген, денесіне сынық-жарықшақтары кірген. Иегіне кірген сынықтан сөйлеуге мұршасы келмей, жамбасынан жараланады. Сол күйі есінен танып, бірнеше күн жатыпты. Комиссиның тексерісінен кейін ұзақ уақыт Львов, Дрогобыч, Киев, Житомир, Майкоп, Краснодар, Кисловодск қалаларының госпитальдарында жатып емделеді.

Похожие статьи

Балтабай Қазиевтің жамбасынан алынған оқ. Фото: kostanaytany.kz

1944 жылғы ұрыста жамбасқа тиген жау оғы ардагердің денесінде қалып қойған. Қария жамбастағы оқты жастықтың лебімен елемесе керек. Бертін келе, жүріп-тұруы қиындай бастаған соң Астанадағы дәрігерлерге қаралған.


Балтабай Қазиевтің жамбасынан алынған оқ. Фото: kostanaytany.kz

Биылғы шілде айында Астанадағы Ұлы отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталінде жатып ота жасатыпты. Он минутқа созылған отаның нәтижесінде ардагердің жамбасынан ұзындығы үш сантиметр болатын оқ алынған.

Бүгінде майдангердің жағдайы жаман емес. Қостанайдағы үйінде күтініп жатыр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »