Новости на Newstaraz.

Жеңіл жазамен құтылып кеткен атышулы «шымкенттік Үсеновтің» әкесі кім?

newstaraz.kz

Исмаил Сүлеймен жасаған жол апаты. Коллаж: Motor.kz

Адам өлімімен аяқталған жол көлік апатын жасап, жеңіл жазамен құтылып кеткен «шымкенттік Үсенов» деген атқа ие болған Исмаил Сүлейменнің әкесі кім екені белгілі болды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Исмаил Сүлейменнің әкесі — Ерехан Сүлейменов — бизнесмен. Оның үстінен 2010 жылы қылмыстық іс қозғалып, бірақ кейін іс қысқарып кетеді. Ал қазір бизнесменге «Аса ірі көлемдегі ақша бопсалау және алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Бүгінде ол қамауға алынған, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тарқатып айтқанда, түркістандық «Ақ жол» ЖШС-нің директоры Сабыржан Атаев Исмаил Сүлейменнің бизнесмен әкесі өзінен ақша бопсалады деп құзырлы органдарға шағым түсірген. Серіктестік директоры Атаев бұл жолы да айыпталушы сүттен ақ, судан таза боп шыға ма деп алаңдаулы.

Осы мақсатпен ОҚО прокуроры Ибраһим Имановтың атына арыз тастап, бұл істі облыс прокурорының өзі бақылауға алуын өтінген.

Еске салсақ, BMW көлігін тізгіндеген Исмаил Сүлеймен өткен жылдың тамызында жылу құбырларының жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан төрт жұмысшыны қағып, біреуін мерт қылған. Кейін оған 21 жастағы Мұрат Әлібектің өмірін жалмаған көлік апатын жасады деген айып тағылды.

Похожие статьи

Исмаил Сүлеймен. Фото: Отырар арнасы

20 жастағы «шумахер» апат болған жерге көлігін тастай сала, ізін суытқан. Жергілікті полицейлер қаншама іздестіру шараларын жүргізгенімен, ақыры халықаралық іздеу жариялауға тура келді. Ең қызығы, осы жылдың наурыз айында шымкенттік «шумахердің» ісі әкімшілік сотта қаралып, судья Нұрлан Әлиев атышулы іске нүкте қояды.

Сот шешімінде оқиға орнында көз жұмған Мұрат Әлібек туралы бір сөз жоқ. Тек жаяу жүргіншінің денсаулығына жеңіл жарақат салғаны және көлік апатын жасай тұрып, оқиға орнынан бой тасалағаны үшін ғана жаза берген. Сондай-ақ, сот шешімінде көлік ішінде болған қару туралы да айтылмаған.

Айта кетерлігі, көлік апаты болған соң облыстық ІІД-лер көлік ішінде қарудың болғанын ресми мәлімдеген болатын. Қысқасы, Исмаил Сүлеймен тек айыппұл төлеп, екі жылға көлік басқару құқығынан ғана айырылды.

Бұл шешім өз кезегінде жұртшылықтың наразылығын тудырып, тіпті шымкенттік белсенді Амангелді Қалыбек «Мені Мұрат Әлібек деп атаған. Мен 21 жаста едім. Мен қайтыс болдым!» деген жазуы бар парақшамен қала көшелеріне шығып, адам өліміне себепші болған көлік жүргізушісі тиісті жазасын алуын талап етті.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »