Новости на Newstaraz.

Жер комиссиясы: Ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беру мәселесі талқыланды

newstaraz.kz

25 наурызда Нұр-Сұлтанда жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Онда 2016 жылы Жер кодексіне енгізілген мораторий шарттары мен шешілмеген бірқатар мәселелер де талқыланды.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, мораторий шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін жалдауға және жарғылық капиталында шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға және жалға беруге тыйым салады.

Омаров шетелдіктер бойынша мәселе шешілгенін, енді мораторийға қатысты кейбір мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдану қажеттігін алға тартты.

Шешілмеген мәселелер мыналар:

Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу құқығын алып тастай отырып, қазақстандықтарға жеке меншікке беру,
Жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттен сатып алмай иеліктен шығару мәселесі.
Министрдің айтуынша, 2003 жылдан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерін жеке меншікке сатып алуға не 49 жылға дейін ұзақ мерзімді жалға алуға мүмкіндік берілген. 2015 жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп, қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін жалға беру мүмкіндігі алынып тасталған.

«Жаңа өзгеріс ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншік құқығымен ғана беруді көздеді. Бұл үшін жұмыс істеп тұрған жер пайдаланушылар мемлекеттен ауыл шаруашылығы жерлерін кадастрлық құнының 50%-ы мөлшеріндегі жеңілдікпен біржолғы төлеммен немесе жердің толық құнын 10 жыл бойы бөліп төлеу шартымен жеке меншікке сатып алуға міндетті болды..Бұл түзетулерге 2016 жылы мемлекет басшысының жарлығымен мораторий енгізіліп, тиісті заң қабылданды» деді министр. Ол осы мәселелер жер комиссиясының отырысында шешілуі тиіс деді.

Сенат депутаты, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев «ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншікке берілмеуі тиіс» деген ұсыныс айтты.

«Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлері жекелеген тұлғалар емес, мемлекетке тиесілі болуы тиіс. Бұл бірінші кезекте геосаяси жағдаймен байланысты. Ауыл шаруашылық жері көлемі бойынша, біз әлемде алтыншы орында тұрмыз, ал жан басына шаққанда Австралиядан кейін екінші орындамыз. Яғни, бізде халық тығыздығы төмен. Сол себепті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жер ресурсымыздың жеке меншікте емес, мемлекет меншігінде болғаны дұрыс» деді Күрішбаев.

Бейсенбі күні отырыста кей белсенділер жер комиссиясының жұмысынакүмән келтірген.

Жер комиссиясы Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар жасау үшін құрылған. Бұған дейін оның құрамы анықталған еді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »