Новости на Newstaraz.

Жер комиссиясының отырысында Ғани Қалиев бәріне ұғынықты болу үшін орыс тілінде сөйлеуді ұсынды

newstaraz.kz
Фото: jasqazaq.kz

21-мамыр күнгі оқиғаны талқылаған жер комиссиясының екінші отырысында «Ауыл» партиясының экс-төрағасы, қазіргі профессор Ғани Қалиев бәріне ұғынықты болу үшін ойларын кейде орыс тілінде жеткізуді ұсынды деп хабарлайды Абай. кз басылымы.

«Біріншіден, әрине біз осы үлкен мәселені талқылап отырмыз. Бізге бәрі қарап отыр. Оның бәрін қайталап айтқым келмейді. Ал дегенмен, бізде осы комиссияның сөздерін, пікірлерін халық түсінуі үшін, біз осы комиссияның ішінде бір-бірімізді ұғынып, жақсы түсініп алуымыз керек. Мұқаңа айтайын деп отырмын (Мұхтар Шаханов – ред.) біз сөйлегенде, мен мысалы өзім сөйлегенде менің айтқан сөзімді осы отырған халық түгел ұқса екен, түсінсе екен деймін. Ал енді бәрі бір тілді маман болмағандықтан, осында әр ұлттың адамы отыр. Оны енді орысшасын бір айтып, қазақшасын бір айтып, қайталамай, кейде бәріне ұғынықты болсын деп, орысша да айтуымызға болады деп ойлаймын. Мұқа, мен ақын, жазушы болмасам да, қазақша бір адамдай-ақ білемін. Ал мынау біреуіміз орысша айтсақ, мынау жартылай орыс боп кеткен деген әңгімені қою керек. Біз бір-бірімізге сыпайылықпен түсінісейік», — деді Ғани Қалиев мырза.

Похожие статьи

Мұхтар Шаханов бұған жауабы ретінде өз ойын білдірді.

«Жаңа сіз айтып кеттіңіз ғой. Біз мемлекеттік тілдің мүддесін қолдауымыз керек. Қорғап отыруымыз керек. Ал енді осы өзіңіз орысша жақсы сөйлейсіз, қазақша да жақсы сөйлейсіз. Бірақ, оны менсінбей өз ана тіліңізді шетке қағуға болмайды. Осында отырған адамдардың барлығы мемлекеттік тілдің мүддесін сыйлауы керек», — дейді Шаханов.

«Ауылдың» экс-төрағасының қазақ тіліне бұлай пікір білдіруі комиссия мүшелерінің наразылығын тудырғаны», — рас деп жазады басылым.

Аталған комиссия мүшесі Жанұзақ Әкім орыс тіліне ойысуды ұсынған Ғани Қалиевке мынандай уәж білдірді: «Есіңізде ме, осы тіл мәселесіне қатысты Елбасы: «Аюдың да тіл үйренетін уақыты болды» деп еді ғой?. Қазақ тілін білмейтіндер енді білсін, үйренсін. Мемлекеттік тілді, мемлекетті сыйлау керек!», — деді ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »