Новости на Newstaraz.

Жеті жыл бойы жүкті болған қызылордалық әйелге емшілік қасиет қонған

newstaraz.kz

Қызылорда қаласының 53 жастағы тұрғыны  Қалжан Әлқожаның жүкті болғанына бүтіндей жеті жыл уақыт өткен.

Айтуынша, асыға күткен арманы осы айдың аяғына дейін орындалмақ.

Көріпкел әйел жақын арада бірден 2 ұл, 1 қызды яғни үшемді дүниеге әкелемін деп қуанып отыр.

Қалжан Әлқожа өзін әруақ қонған адаммын деп есептейді. Ол «кішкентай кезімнен ақсақал кейіпіндегі әруақтарды көп көретінмін» — дейді. Осындай қасиет дарыған Қалжан сол уақыттарда сырқаттың жеңіл түрлерін емдеп жүрген.

«Ал нақты емшілікке бет бұрған кезім ішімдегі балаға аяғым ауырлаған кезден басталды», —  дейді ол. Сол уақыттан бастап ерекше қасиет дарыған әйел жаны қиналған талай жанға жәрдемін беріпті.

Емші әйел өзінің жеті жыл бойы жүкті болып жүргенінін таң қаларлық жайт емес екенін айтады. Ол кезінде Қобыланды батыр анасының құрсағында 6 жыл, ал Қорқыт бабамыз 3 жыл жатқан дейді.

Көріпкел әйел осыған дейін қатысқан отандық телешоулардың бірінде қаңтарда аяқ-қолын бауырына басатынын айтқан еді. Дегенмен енді ол орыстың емес, қазақтың жаңа жыл мерекесінің қарсаңында көптен күткен нәрестесін дүниеге әкелемін деп сүйіншілеп отыр. Оған дейін көп науқасты емдеуге шамам келмейді дейді ол. Алайда Қалжан аман-есен босанған соң өзінің емшілігіне ісіне қайта кіріспек.

Жеті жыл бойы жүкті болған қызылордалық әйелге емшілік қасиет қонған
Жеті жыл бойы жүкті болған қызылордалық әйелге емшілік қасиет қонған
Похожие статьи
Дереккөз: Nur.kz

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »