Новости на Newstaraz.

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігі жарылғанын хабарлады (видео)

newstaraz.kz

YouTube-тегі «Гиперборей» арнасының авторы, алматылық журналист Вадим Борейко әлеуметтік желідегі парақшасында 20 ақпанға қараған түні операторының екі автокөлігі жарылғанын хабарлады.

«20 ақпанға қараған түні менің операторымның екі мәшинесін үйінің жанында жарып кеткен», — деп жазды Борейко.

Бұл оқиға туралы полиция әзірге ақпарат таратқан жоқ. Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі кейінірек ақпарат беруге уәде етті.

Кейінгі жарты жылда Қазақстанда журналистер мен ақпарат редакцияларына түрлі қоқан-лоқы мен шабуыл жиілей түскені байқалған.

14 қаңтарда журналист Динара Егеубаева белгісіз адамдар мәшинесінің терезесін кірпішпен сындырып, ішіне от қойып кеткенін хабарлаған. Өртеніп жатқан көлігін әлеуметтік желіге шығарған. Егеубаева мұны «өз өміріне жасалған қастандық» деп атаған. Алматы полициясы екі күннен кейін бес бозбаланы Динара Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікпен ұстаған. Олар Elmedia редакциясының есігін қиратты» деген де күдікке ілінген. Ұсталғандар 15, 16 және 17 жаста.

Егеубаеваның мәшинесі өртенгеннен кейін бірнеше күннен соң Ulysmedia.kz интернет-басылымының бас редакторы белгісіз адамдар сайтқа бұзып кіріп, өзі мен отбасының жеке мәліметтерін жариялағанын хабарлаған. Самал Ибраева мұны жеке өмірге қол сұғу деп бағалаған.

Көп ұзамай журналист Вадим Борейко белгісіз адамдар түн ішінде үйінің кіреберісіне әлдекімдер бояу шашып, пәтерінің есігіне монтаж көбігін құйып кеткенін хабарлаған.

Халықаралық ұйымдар Қазақстанда сөз еркіндігі күрделі елдер санатына жатқызған. «Шекарасыз репортерлер» индексі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 122-орында тұр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »