Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда «Соңғы қоңырауға» ақша жинауға тыйым салынды

newstaraz.kz

Өзбекстанда "Соңғы қоңырауға" ақша жинауға тыйым салынды

Өзбекстан халық білімі министрлігі «Соңғы қоңырау» ұйымдастыру жөнінде кеңес берді.

Министрлік дайындаған кеңестер елдегі мектептердің бәріне жолданды. «Соңғы қоңырау» мектеп ауласындағы бақта немесе ашық алаңда өтеді. Бөгде адамдар мектеп аумағына жіберілмейді.

Мектептерде бұл бұл шара сағат 8:00-де басталып, 8:45-ке дейін аяқталуы тиіс. Онда талантты түлектер марапатталады.

«Мектеп түлектері мен олардың ата-аналарынан ақша жинауға қатаң тыйым салынғанын ескертеміз», — делінген министрлік кеңесінде.

Бұған қоса, түлектердің мектеп басшылығы мен мұғалімдерге құнды сыйлықтар тапсыруына, сонымен бірге залда, мейрамхана мен кафеде, салтанатты пәтерде қосымша кеш ұйымдастыруға, автокөліктермен шерулетуге болмайды.

Ереженің сақталуын мектептің бақылау кеңесі қадағалайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »