Құқық қорғаушылар тәжік мигранттарына Ресейге Беларусь арқылы бармауға кеңес береді
Ресейдің құқық қорғаушылары тәжік мигранттарына өлкеге Беларусь арқылы кіруге әрекет етпеуді ескертті.
Олардың айтуынша, бұл заңсыз және қылмыс болып есептеледі. Бұл үшін айыппұл төлеу және бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.
Құқық қорғаушы Каримжон Еровтың сөзінше, 17 мамырда Беларусьқа ұшып барып, одан әрі Ресейге баруды жоспарлаған тәжік мигранттарының қазіргі күйі белгісіз. Олардың туыстары Ресей шекарасында ұсталғанын хабарлаған.
Бір күн бұрын Озоди радиосы ондаған тәжік азаматының Беларусьтан Ресей аумағына өтіп бара жатқаны түсірілген видео жариялаған.
Ресейге әуе билеттерінің қымбат болуынан тәжік мигранттары Душанбе-Минск, одан әрі Ресейге өтуге мәжбүр болып жатыр.
newstaraz.kz