«Құмтөр» акцияларының жүз пайызы Қырғызстан меншігіне өтті
Қырғыз үкіметі мен канадалық «Центерра голд инк.» компаниясы Қырғызстанның Құмтөр алтын кеніне қатысты келісімге отырды.
Құжат қабылданған соң Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алтын кенінің қандай талаптармен қырғыз жағына өткенін жариялады. Мемлекет басшысының айтуынша, сырттай басқару енгізілгеннен бергі табыс 15 мамырдан бастап Қырғызстан меншігі болады. Бұл — 323 миллион доллар.
Бұған қоса, «Центерра» Қырғызстанға 2021 жылғы үш тоқсан үшін дивидент төлейді – 11 миллион доллар. Сонымен бірге, президенттің айтуынша, канадалық компания бір реттік төлеммен 50 миллион доллар аударады. Жапаров рекультивация қоры (53 миллион доллар) Қырғызстан бақылауына өтеді. Ол ақша Лондондағы траст есебінде сақталған.
«Центерра» Қырғызстан үкіметіне қарсы сот шағымдарын тоқтатады. Қырғыз жағы да канадалық компаниямен соттасуын доғарады.
Қырғызстан 2022 жылы Құмтөрдегі алтын кенінен 500 млн доллар табыс алуды көздеп отыр.
Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Мұнда жылда 15-17 тонна алтын өндіріледі.
newstaraz.kz