Құмтөр кенінде сызат түскен учаскеде жұмыс қайта қалпына келді
Қырғызстанның Құмтөр кенінің №20 учаскесінде жұмыс қайта басталды. Бұл жөнінде «Құмтөр Голд Компани» хабарлады.
Биыл мамыр айында аталған учаскенің жері опырылып, жұмыс тоқтатылған.
Мекеме таратқан мәліметке қарағанда, арнайы мамандардан құралған жұмыс тобы қауіпсіздік шараларын жасап шыққан. Сарапшылар кенде жұмысты қайта бастауға болады деген қорытындыға келген.
newstaraz.kz