«Қамбар ата-1» ГЭС-нің құрылысы 8 маусымда басталады
Бүгін, 8 маусымда Қырғызстанның Жалал-Абад облысында “Камбар-Ата-1” гидро электр станциясының құрылысы басталады. Ресми шараға ел президенті Садыр Жапаровтың өзі қатысады.
Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров 7 маусымда журналистер сұрағына жауап беріп жатып, ГЭС-ті үкімет өз күшімен салады деп мәлімдеген. Бұған бюджеттен 18,8 миллион доллар бөлінгенін, құрылыстың бірінші кезеңін аяқтауға 3,5-5 жыл кететінін, 640 МВт гидро электр станциясын бес жылда аяқтау жоспары бар екенін жеткізген.
2012 жылы аталған ГЭС құрылысын салу үшін Қырғызстан Ресеймен келісімге отырған. Бірақ Ресей тарабы құрылыс жұмысын тым кешіктіргеннен кейін, Қырғыз үкіметі келісімді біржақты бұзған.
Ресей бұл жобаға 37,5 миллион доллар салғанын мәлімдеп, 2018 жылы Гаага сотына жүгінген.
30 мамырда президент Садыр Жапаров “Камбар-Ата-1” ГЭС-нің техникалық-экономикалық негіздемесі Өзбекстан және Қазақстанның қатысуымен жасалынып жатқанын айтқан.
newstaraz.kz