Қазақстанға баратын қырғызстандықтар үшін шекара шектеуі жойылды
Қырғызстанның Шекара қызметі 11 сәуірден бастап, жаяу жолаушылар үшін Қазақстан шекарасы ашылғанын хабарлады.
Шекарадан өтер кезде ПТР тест нәтижесі жайында анықтама және ковидқа қарсы екпенің толық курсынан өткенін растайтын құжат талап етіледі.
Осының алдында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, шекарадан өту тәртібін жеңілдетуді сұраған. Тоқаев бұл бойынша тиісті органдарға тапсырма беретінін жеткізген.
Қазақстан 2020 жылы наурызда коронавирус пандемиясына байланысты шекараға шектеу енгізген. Қырғыз азаматтары Қазақстанға тек ұшақ арқылы бара алған. Екі мемлекет арасында жеті өткізу бекеті бар.
newstaraz.kz