Новости на Newstaraz.

Қырғыз-өзбек шекарасындағы атыстан екі адам қаза тапты

newstaraz.kz

Қырғыз-өзбек шекарасындағы қарулы жанжалдан екі адам мерт болды. Оқиға 5 сәуірде кешке болды, деп хабарлады Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі.

Шекарадағы атыста 37 және 31 жастағы екі адам оққа ұшқан. Мәліметтерге қарағанда, олар Өзбекстанда туған, бірақ 2012 жылы қырғыз төлқұжатын алған. Екеуінің де өзбек төлқұжаты бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жалал-Абад облысы Ақсый ауданына қарасты Дейрес ауылында салт атты бірнеше қырғызстандық Өзбекстан аумағына тауар өткізу мақсатында көрші елдің шекарасынан өткен. Олар өзбек шекарашыларының талаптарын орындаудан бас тартқан. Заң бұзғандарды ұстау кезінде атыс болған.

«Өзбек шекарашылары өз өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қару қолданды, екі бейбіт тұрғын мерт болды. Қалғандары Қырғызстанға қашып кетті», — деп хабарлады шекара қызметі.

Өзбек шекарашыларының мәлімдеуінше, контрабандашылар 20 мың доллардан астам тауар өткізуге талпынған.

Екі елдің шекарашылары оқиға орнында кездесіп, жағдайды талқылады. Екі жақ осы оқиға бойынша дербес зерттеу жүргізеді.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарашыларының келісуімен, оққа ұшқандардың мәйіті қырғыз жағына тапсырылды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »