Қырғыз арнайы қызметі пара алған он салықшыны ұстады
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік қызметі салықтың он қызметкерін жемқорлық жасады деген айыппен ұстады.
Арнайы қызметтің 17 сәуірде таратқан ресми мәліметіне қарағанда, ұсталғандар кәсіпкерлермен сөз байласып, олардың салығын 100 миллион сомға азайтып көрсеткен.
«Жемқорлық» қылмысы негізінде іс қозғалды. Салық комитетінің он инспекторы ұсталды. Оларға айып тағылды, сот бұлтартпас шарасын қолданды.
Үкімет елдегі қара экономика көрсеткішін азайту мақсатында салық ережелерін өзгерткен. Кәсіпкерлердің бірқатары, әсіресе базардағы саудагерлер касса аппараттары мен электронды жүйе енгізуге қарсы шыққан.
Былтыр Қырғызстанда шамамен 208 миллиард сом салық пен сақтандыру төлемі жиналған. Үкімет жоспарды 3,7 миллиард сомға артық орындағанын мәлімдеген.
newstaraz.kz