Қырғыз билігі электр қуатының тарифін көруді ұсынды
Қырғызстанның энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаев 22 сәуірде өткен баспасөз конференциясында үкіметтің жаңа тариф саясаты туралы айтты.
«Тәуелсіздік жылдары Қырғызстан билігі экономика тұрғысынан алғанда дұрыс тариф белгілеуді үйренбеді, ал тарифтерді әдейі төмен ұстап отырудың салдарынан энергетика саласы қарызға батты», — деді министр.
Турдубаевтың мәлімдеуінше, шара қолданбаса, онда 2025 жылға қарай энергетика саласы құриды, соның салдарынан экономиканың басқа да салалары тежеледі.
Үкімет ұсынған тариф саясаты биылғы тамызға дейін талқыланады. Министр ұсыныстардың бәрі ескеріледі дейді.
20 сәуірде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров электр қуатына арналған жаңа тариф саясатын таныстырды. Жағдайы нашар обтасыларға тариф 74 тиын деп белгіленсе, шалғайдағы аудандардың тұрғындары 1 сом 4 тиын, тұрмысы жақсы отбасылар 1 сом 48 тиын төлейді. Қыста тариф қымбаттауы мүмкін.
Қырғызстанда электр қуатының тарифі соңғы рет 2014 жылы өзгерген. Қазір тұрғындар 1 кВт/с үшін 77 тиын төлеп жүр.
newstaraz.kz