Новости на Newstaraz.

Қырғыз депутаттары экс-президенттерге көрсетілетін қызмет шығынын қысқартуды ұсынды

newstaraz.kz

«Қырғызстан Ата-Жұрт» фракциясының депутаты Женишбек Тоқторбаев салалас комитеттің отырысында «ҚР экс-президенттерінің мәртебесі және Қырғыз Республикасы президенті қызметінің кепілдері туралы» заңға өзгерістер ұсынды.

Депутат Женишбек Тоқторбаевтың айтуынша, республикалық бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мақсатында экс-президенттерге көрсетілетін материалдық қызмет шығындарын қысқарту керек.

«Экс-президенттер өмір бойы мемлекеттік күзетпен қамтамасыз етіледі. Оған мемлекеттік резиденциядан үй, көлік беріледі. Медициналық қызмет көрсетіледі. Президент жалақысының кем дегенде 75 пайызын алады. Бізде бес президент болды, бірақ олардың арасында үйсіз, көліксіз кедей адам жоқ. Президент қана емес, олардың туыстары мен жақындары, тіпті көлік жүргізушілері де байығанын жұрт жақсы біледі», — дейді Тоқторбаев.

Ол экс-президенттердің зейнетақысын ғана қалдырып, қалғандарын қысқартуды ұсынды. Депутаттың айтуынша, мұндай ереже қабылданған жағдайда, жаңа тәртіп Қырғызстанның болашақ экс-президенттеріне ғана қолданылады.

Заң жобасы талқылаудан соң бірінші оқылымда мақұлданды.

Қырғызстанның бұрыншы басшыларының ішінде Сооронбай Жээнбеков пен Роза Отунбаева ғана экс-президент мәртебесіне ие. Жээнбеков мемлекеттік резиденцияда тұрады, Отунбаева ондағы үйден 2021 жылы кетті. Бұрынғы мемлекет басшылары Асқар Ақаев, Құрманбек Бәкиев және Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесінен айрылды.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »