Қырғыз президенті үш елдің темір жол жобасы келесі жылы басталады деді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы 2023 жылы басталуы мүмкін екенін жеткізді. Ол бұл жөнінде 8маусымда Жалал-Абад облысында Тоқтағұл ауданы тұрғындарымен кездескен кезде айтты.
«Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі жасалынып жатыр. Биыл күзге дейін бітіп қалса, келесі жолы құрылысы басталады. Егер үш мемлекет қатысып, тоқтаусыз жұмыс істесе, бұл жол үш-төрт жылда бітеді. Бұл «Қамбар-Ата-1», «Құмтөр» екеуі беретін кірістен кем емес табыс береді, 200 млн доллардан кем емес кіріс береді», — деген қырғыз президенті.
newstaraz.kz