Қырғыз саясаткері Бабановқа қатысты қозғалған істер тоқтатылды
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабановқа қатысты қозғалған істерді тоқтатты.
Комитеттің хабарлауынша, Бабанов пен оның туыстарының әрекеттерінен мемлекет мүддесіне шығын келгеніне дәлел жоқ.
«Бұған қоса, Өмірбек Бабанов өз еркімен бюджетке 100 миллион сомды (шамамен 1,2 млн доллар) қолдау ретінде бөледі», — делінген комитет мәлімдемесінде.
2017 жылғы президент сайлауында Өмірбек Бабанов екінші орын алды. Одан соң ол саяси мансабын аяқтағанын мәлімдеп, елден кетіп қалды. 2019 жылы тамызда Бабанов Мәскеуден Қырғызстанға оралды.
Бұрынғы үкімет басшысын арнайы қызмет бірнеше мәрте тергеуге шақырған.
Былтыр кезектен тыс президент сайлауы барысында Бабанов сайлауға қатыспайтынын, Садыр Жапаровты қолдайтынын мәлімдеді.
newstaraz.kz