Новости на Newstaraz.

Қырғыз шекара қызметі: қазақ жағы шекарадағы жүк көліктерін өте баяу тексеріп жатыр (видео)

newstaraz.kz

Қырғызстан ҰҚМК Шекара қызметі қырғыз-қазақ шекарасында автокөліктердің кезек күтіп қалғанына қатысты мәлімет берді.

Шекара қызметінің мәліметінше, 11 сәуірде кешке «Ақ-Тілек – автожол» бақылау-өткізу бекетінде 200-ден астам жүк көлігі кезек күтіп тұрды. Айта кетерлік жайт, қырғыз-қазақ шекарасындағы «Чон-Капка» және «Чалдовар» бекеттерінде мұндай ұзын кезек байқалмады, бірақ «Чалдоварда» жиырма шақты автокөлік тұрды.

«Жүк көліктерінің аталған бекеттерде кезекті ұзақ күтуіне жүк тасымалының артуы, сонымен бірге қазақ жағының көліктірде өте баяу тексеруі себеп болды», — деп түсіндірді қырғыздың шекара қызметі. Мекеме мәліметінше, жүк көліктері жүргізушілерінің Қырғызстан шекарашыларына ешқандай шағымы жоқ.

Еске салайық, Қазақстан 11 сәуірде Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен құрлықтағы шекара бекеттеріндегі шектеулердің бәрін алып тастады. Мұндай шешім «эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына» байланысты қабылданды.

Бұның алдында Қырғызстан құрлықтағы шекара бекеттерін қырғызстандықтар үшін ашуды бірнеше мәрте Қазақстан билігінен сұраған. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 2020 жылғы көктемде коронавирус індетіне байланысты жабылған. Қырғызстан азаматтары Қазақстанға әуе рейстерімен ғана келіп жүрді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »