Қырғыз-тәжік шекарасында тағы келіспеушілік болды
22 тамызда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы «Головной» су тарату орталығында тәжік тарабы ертесімен жер қазып, оған цемент құя бастаған. Қазір екі жақтың шекарашылары келіссөз жүргізіп жатыр. Жағдай тыныш.
Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Шекара қызметі хабарлады.
Қырғызстан шекарашылары 21 тамызда тәжік тарапқа жер қазуды тоқтатуды ескерткен. Бірақ 22 тамызда олар жер қазуды жалғастыра берген.
Биыл 28-30 сәуірде және 1 мамырда қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс осы «Головной» су тарату орталығында басталған.
Қақтығыс кезінде 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қайтыс болған. Бұл оқиғаға екі өлке бір-бірлерін айыптап, қылмыстық істер қозғаған.
newstaraz.kz