Қырғыздың он шақты жүк көлігі тәжік-өзбек шекарасынан өте алмай тұр
Қырғызстанның Тәжікстандағы елшілігінің хабарлауынша, жүк көліктері 21 маусымнан бері Тәжікстанның Өзбекстанмен шекарасынан өте алмай тұр.
Елшілік мәліметі бойынша, шекарадағы тіркеу-өткізу бекетінде қырғыздың он шақты жүк көлігі тұр.
«23-24 маусымда Тәжікстан үкіметімен келіссөздер жүргіздік. Жүгізушілерді өткізу үшін әлі де сөйлесіп жатырмыз», — деп хабарлады елшіліктегілер.
Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстан азаматы Виталий Шульц тәжік-өзбек шекарасындағы «Фотехобод» бекетінен бірнеше жүк көлігі өте алмай тұрғанын айтқан.
Тәжікстанның кеден қызметі Шульц автокөлігі құжаттардың дұрыс болмауына байланысты өткізбегенін хабарлаған.
24 маусымда Қырғызстан омбудсені Токон Мамытов шекарада тұрып қалған жүргізушілердің мәселесімен айналыса бастады.
Биыл мамырда Қырғызстан Тәжікстанмен арадағы шекарасын уақытша жапқан. Қырғызстандық жүргізушілердің халықаралық жүк тасымалына Тәжікстан тыйым салған жоқ.
newstaraz.kz