Новости на Newstaraz.

Қырғызстан Қазақстанды сауда саясатын қайта қарауға шақырды

newstaraz.kz

Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты сауда айналымын ұлғайтуға барлық негіз бар. Ол үшін сауда саясатын қайта қарап шығып, жүк тасымалдау саласындағы барлық проблеманы алып тастау керек.

Осылай деп Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров Алматыда өткен аймақтық саммитте қазақстандық әріптесі Әлихан Смаиловпен кездесу барысында айтты.

Жапаровтың сөзінше, екі ел президенті сауда айналымын 2 млрд долларға жеткіземіз деген мақсат қойған, ол үшін екі ел арасында жүк тасымалы еркін жүруі тиіс.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жүк көліктері жиі кептелісте тұрады. Бұл жиі келіспеушілікке алып келіп, «сауда соғысына» дейін жетіп жатады дейді сарапшылар. Бұл дау Дүниежүзілік сауда ұйымына дейін жеткен.

Биыл 27 мамырда өткен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қырғыз президенті Садыр Жапаров ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілер одақ беделіне нұқсан келіп, бөлінуге алып келеді деп мәлімдеген. Ол 2021 жылы елінің экономика министрлігі Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін жедел жеткізу жолын зерттегенін айтты.

«Бұл зерттеу бірнеше кеденнен өтіп, үшінші елден келетін жүктердің Қырғызстан жүктеріне қарағанда Ресейге тез баратыны анықталды. Ал одақтың ішінде кедендік бақылау алынып тасталғанның өзінде кедергілер өте көп»,- деген Жапаров.

26 мамырда Қырғызстан және Қазақстан президенттері Бішкектегі кездесуде шекарадағы барлық кедергілерді жою жөнінде келісімге келген. Бірақ соған қарамастан шекарада әлі жүк кептелісі жиі болып тұрады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »