Қырғызстан Өзбекстаннан ет және мал әкелуге рұқсат берді
Өзбекстаннан Қырғызстанға мал және ет тасуға енгізілген шектеу алынып тасталды. Бұл туралы Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Бұдан бөлек АҚШ-тан Қырғызстанға құс және құс өнімдерін импорттауға енгізілген шектеу де жойылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ветеринарлық қызмет Өзбекстанға және АҚШ-қа байланысты шектеу шараларын былтыр қыркүйекте енгізген.
Қазір басқа елдерден азық-түлік әкелуге байланысты шектеулер әлі сақталып тұр. Оның ішінде Ресейдің Орынбор облысынан және Қазақстанның Қарағанды облысынан сарып індетіне байлнысты мал әкелуге тыйым салынған.
Бұдан бөлек Үндістанның үш штатынан, Моңғолиядан және Ауғанстаннан дерматитке байлнысты ірі қара мал әкелге тыйым салынған.
newstaraz.kz