Новости на Newstaraz.

Қырғызстан билігі өртенген үйлерді өз күшімізбен қалпына келтіреміз деп мәлімдеді

newstaraz.kz

Қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жанжалда өртенген үйлерді қырғыз үкіметі қалпына келтіреді. Осылай деп Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев хабарлады.

Ол Азаттықтың сұрақтарына жауап беріп жатып, өртенген үйлерді қалпына келтіру жөнінде Тәжікстанға талап етпейтінін мәлімдеді.

«Біз қазір шығынды өтеп бер деп қайрылмаймыз. Өзіміздің күшіміз жетеді. Егер тәжік тарабы істеген істеріне өкініп, келтірілген зиянның орнын толтырып береміз деп қайрылса, оны қараймыз. Қазір біз оларға жәрдем бер деп сұрамаймыз», — деді Ташиев.

Ол өртенген үйлер күзге дейін жөнделеді деп уәде берді.

28-30 сәуірдегі қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалда Баткен облысында 78 үй, екі мектеп, бір фельдшерлік және акушерлік пункт, үш шекара бекеті, бір балақша, 10 май құю станциясы, ішкі істер бөлімінің ғимараты және сегіз дүкен өртенген.

Ресми мәліметке сәйкес, Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде 34 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 178 адамға жетті. Үй-жайын тастап қашып, қарулы қақтығыс жүрген аймақтан қауіпсіз орынға көшірілгендердің саны облыс бойынша 50 мыңға жетті.

Тәжік тараптан 15 адам қаза тауып, 90-ы жарақат алғанын Азаттықтың тәжік қызметі дереккөзіне сүйеніп жазды.

Екі елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары оқ атуды тоқтату, қақтығыс аймағынан әскерлерін алып кету жөнінде келісімге келген.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »