Қырғызстан президенті азаматтарды вакцина алуға шақырды
Президент Садыр Жапаров 20 шілдеде қырғызстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Қырғыз президенті елде екінші рет коронавирусқа байланысты Құрбан айт мейрамы шектеумен өтіп жатқанын айтып, азаматтарды денсаулығын қорғау үшін вакцина алуға шақырды.
«Құрбан айт күні мұсылман қауым таңертең ерте тұрып, тазаланып, жүздерін құбылаға бұрып, намаз оқиды, дұға-тілектерін айтады. Жаратқанға жақындау мақсатында құрбандық шалып, жақындарына, көршілеріне, мұқтаж жандарға таратады. Сол себептен Құрбан айт қайырымдылықтың мейрамы болып саналады», — деген құттықтуында.
Коронавирус пандемиясына байланысты екінші жыл Сауд Арабия елі тек өз азаматтарына ғана қажылық амалдарын жасауға рұқсат берген.
newstaraz.kz