Новости на Newstaraz.

Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға барады

newstaraz.kz

p>

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2-3 наурызда мемлекеттік сапармен Қазақстанға барады.

Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Дастан Дүйшекеев хабарлағандай, Жапаров Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынас мен әріптестік мәселелерін талқылайды.

Сапар барысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматтулинмен, премьер-министр Асқар Маминмен және кәсіпкерлермен кездесу жоспарланған.

«Қазақстанмен әріптестік жоғарғы деңгейде. Іс жүзінде барлық салада оң динамика бар. Біз Қазақстан Республикасымен стратегиялық даму және одақтастық келісімдерді одан әрі шыңдау мақсатын көздейміз», — деді Дастан Дүйшекеев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 ақпанда Жапаровты президент болып сайлануымен құттықтап, екі тарапты әріптестікті жаңа деңгейге шығару үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген.

Қазақстан мен Қырғызстан ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ҰҚКШ секілді бірқатар ұйымдарға мүше. Соңғы 4-5 жылда екі елдің шекарасында жүк тасушылар мен жолаушыларға ыңғайсыздық туғызған жағдай көп кездесті. Қазақстан мұны Қырғызстаннан заңсыз келетін тауарларға тосқауыл қою деп түсіндірген.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »