Новости на Newstaraz.

Қырғызстан Ресейге 25 аршын жер жалға береді

newstaraz.kz

Қырғызстан Ресейге Бішкек қаласындағы 25 аршын жерді 49 жылға жалға береді. Келісімді 13 маусымда Жогорку Кенеш комитеті мақұлдады.

Мемлекет мүлкін басқару жөніндегі қор төрағасы Мирлан Бәкіровтің айтуынша, бұл екі жер Жібек-Жолы даңғылы мен Керімбеков көшесінде орналасқан. Олар «Глобал Инвест» компаниясына тиесілі. Бұл жерлерде Ресей федералдық шекара қызметінің ғимараттары мен басқа да құрылыстары салынған. Енді Ресей жағы жылжымайтын мүлікті заңдастыруды сұрап отыр.

«Олар жекеменшік тұлғалармен келісіп, мүлік алған. Қырғызстан жер телімдерін кадастрда тіркеп, оларға мемлекеттік мәртебесін беріп, ұзақ жылға жалға береді. Мүлік Ресей меншігіне өтеді», — деп түсіндірді Бәкіров.

Оның айтуынша, 1999 жылы Қырғызстан мен Ресей шекара мекемелері арасындағы әріптестік туралы келісімге отырды. Құжатқа сәйкес, Қырғызстан ресейліктерге Шу облысы Новопокровка ауылынан шекарашыларға арналған үй салу үшін жер бөлді. Бірақ онда жағдай жоқ болғандықтан, Ресей федералдық шекара қызметі Бішкек қаласынан екі ғимарат алды.

Ресей Қазақстандағы Байқоңыр қаласы мен ондағы ғарыш айлағын жалға алып отыр. Жалға алу мерзімі 2050 жылы аяқталады. Ресей Украина аумағына басып кірген соң, Желіде Байқоңырды Қазақстанға қайтаруды талап еткен онлайн-петиция пайда болды.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »