Қырғызстан шетелден келетін IT- мамандарға тиімді орта қалыптастырмақ
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ақпараттық-байланыс технологиясы саласында білімі бар шетел азаматтарын елде тіркеуді жеңілдететін жүйе әзірлеуді тапсырды.
Былайша айтқанда, IT-мамандарға онлайн өтінішпен виза беруді қарастыруды тапсырған. Бұл елге инвесторларды тартып, жаңа кәсіп ашып, инновациялық жобаларды дамытуға себеп болады деп атап өткен қырғыз президенті.
Осының алдында шетелдік IT-мамандарға виза беруді жеңілдетеміз деген Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров.
«Қазір Ресейден IT-мамандар көптеп келіп жатыр. Біз оларға жеке кәсібін ашуға көмектесеміз, жағдай жасаймыз», — деген ол.
Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін, Батыс елдерінің санкцияларынан соң мыңдаған ресейліктер шетелге кетіп жатыр. БАҚ мәліметінше, кетіп жатқандардың дені IT-мамандар.
newstaraz.kz