Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда қыз алып қашумен байланысты қайғылы оқиғадан кейін наразылық тұтанды (видео)

newstaraz.kz

Бішкекте бірнеше күн бұрын қыз алып қашумен байланысты болған қайғылы оқиғаға қатысты наразылық шарасы өтіп жатыр. Наразылар ішкі істер министрінің отставкасын да талап етті.

5 сәуірде Бішкекте белгісіз біреулер 1994 жылғы Айзада Канатбекованы көлікке отырғызып, алып қашып кеткен. Екі күннен соң оның денесі табылды. Алып қашқан көліктен сонымен бірге 31 жастағы ер адамның да денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам жанжал кезінде қыз баланы тұншықтырып, кейіннен өзіне қол салған.

Оқиғаға қатысты қылмыстық істер қозғалған.

8 сәуірде ішкі істер министрлігіне барып, наразылық өткізгендер Канатбекованың өліміне кінәлілерді тез арада табуды, осындай оқиғаға жол берген ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті.

Наразылар «Отставка!», «Ұят!», «Министр кетсін!», «Жетеді!», «Алып қашу салт емес!», «Қауіпсіз мемлекетте өмір сүргім келеді!» деп айқайлаған. 2018 жылы алып қашу құрбаны болған Бурулайдың да оқиғасын еске салған.

Ақпарат бойынша, елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында да Айзаданың өліміне байланысты митинг басталған.

Премьер-министр Улукбек Марипов қыздың өлімін «елдің жалпы қайғысы» деп атап, кінәлілерді қатаң жазаға тартуға уәде берген.

Соңғы бірнеше жылда Қырғызстанда алып қашумен байланысты осымен екінші қайғылы оқиға болып отыр. 2018 жылы мамыр айында Шу облысында 20 жастағы студент Бурулай Турдаалыкызы алып қашу оқиғасынан кейін милиция бөлімшесінде қаза болған. Сотта айыпталушы жігіт қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған. Сот оған 20 жыл түрме жазасын берген.

Қырғызстан 2013 жылдан бастап қыз алып қашқандарды қылмыстық жазамен қудаласа да, жыл сайын мыңдаған алып қашу оқиғасы тіркеледі. Белсенділер аталған практика көп жағдайда зорлық-зомбылық, ұрып-соғу және өзге де құқықбұзушылықтарға жол ашады дейді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »