Қырғызстанда 30 мыңға жуық гектар жер трансформацияланады
Президенттің баспасөз қызметі жерлерді трансформациялау және куәландыратын құжат беру жөнінде ақпарат берді. Оған сәйкес, заңсыз салынған үйлер және іргетасы қаланған 142 337 жер учаскесі анықталған.
Жалпы 28 мыңнан астам азаматқа техникалық төлқұжат берілген.
Заңға бойынша, санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін, полигон жанындағы және электр станциясы жанындағы жерлер заңдастырылмайды.
Жогорку Кеңеш “Жер қатынастарын реттеу жөніндегі” заң жобасын 17 наурызда қабылдаған. Бұл заң сәуір айында күшіне енген. Осы заң негізінде 29 872 гектар жер трансформацияланады.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров осыған дейін елде бірден бір заңсыз үй болмауы керек екенін айтқан.
newstaraz.kz