Қырғызстанда 6 қыркүйекте 7 мыңнан астам абонент жарықтан ажыратылады
«Солтүстік электр» компаниясы 7,2 мың абонентті жарықтан ажырататынын хабарлады.
Кәсіпорын мәліметіне қарағанда, олардың қарыжы 6,4 млн сомнан асқан.
Соған байланысты компания тұтынушыларды жарық ақысын төлеуге үндеді. Абоненттер қанша қарызы барын https://se.kg сайтынан, тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан (1209) немесе WhatsApp мессенджерінде (0551) 00 12 09 нөмірінен сұрап біле алады.
Қырғыз үкіметі жарықты үнемдеу керектігін, күз-қыс айларында электр қуаты тапшы болатынын алдын ала ескерткен.
Еске салайық, биыл сәуірде қырғыз президенті Садыр Жапаров электр қуаты тарифтерін қайта қарау керектігін айтқан.
newstaraz.kz