Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда БАҚ пен журналистерді қолдау науқаны басталды

newstaraz.kz

Қырғызстанда әлеуметтік желілерде бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерді қолдау науқаны жүріп жатыр.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, ақпараттық науқан мақсаты — түрлі мемлекеттердің назарын Қырғызстандағы сөз еркіндігінің жағдайына аударту. Науқанға қосылған журналистер #ForKyrgyzJournalist, #ForKyrgyzMedia хештегтерін қолдана отырып, Қырғызстандағы БАҚ пен журналистерге қысым көрсетіліп жатқанын айғақтайтын түрлі жайттарды баяндайды. Ақпараттық науқанға Грузия, Молдова, Украина, Қазақстан, Литва және басқа да елдердің журналистері қатысады.

Мәліметке қарағанда, науқан аясында change.org пен avaaz платформаларында Қырғызстандағы БАҚ пен журналистерді қолдаушылардың қолы жиналатын онлайн-петиция жарияланады.

Науқан 9 желтоқсан — Халықаралық адам құқықтары күні аяқталады. Сол күні түрлі елдердегі журналистер арасында онлайн-телекөпір өтеді. Бұған қоса, журналистер Қырғызстан президентіне үндеу жолдап, елдегі сөз еркіндігін шектеуді доғаруын талап етеді.

Қырғызстанда кейінгі бірнеше айда болған оқиғаларды жергілікті және халықаралық ұйымдар сөз еркіндігіне қысым жасау деп сипаттады. Атап айтқанда, зерттеумен айналысатын журналист Болат Теміровтің Қырғызстаннан депортациялануы, Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы шыққандардың ұсталуы, Азаттықтың Қырғыз қызметі сайтының бұғатталуы қоғамда кең талқыланып жатыр. Бұған қоса, президент әкімшілігі БАҚ туралы заңсыз жаңа нұсқасын ұсынып отыр. Азаматтық қоғам өкілдері құжат жобасының кейбір ережелерін сынады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »