Қырғызстанда бір күнде үш мәрте жер сілкінді
27 шілдеде Қырғызстанда үш мәрте жер дүмпуі тіркелді. Бұл туралы сейсмология институты хабарлады.
Мәліметке қарағанда, таңертең сағат 06:41-де Ош облысында қуаты 2,5 балл болатын жер дүмпуі тіркелді, Қара-Сууй ауданындағы Лангар ауылында оның қуаты 2 балл шамасында болды.
Сол күні сағат 15:52-де Жалал-Абад облысында тағы бір жер дүмпуі тіркелді. Бұл жолы жер сілкінісінің қуаты 4,5 балл болды. Жер қозғалғанын Ақсы ауданындағы ауылдардың, сонымен бірге Кербен және Таш-Комур қалаларының тұрғындары сезді.
27 шілдеде кешкі сағат 20:54-те үш балдық жер дүмпуі Нарын облысында тіркелді. Кочкор ауданындағы ауылдарда оның қуаты 2,5 балл болған.
Ресми мәлімет бойынша, жер дүмпулерінен ешкім зардап шекпеді.
newstaraz.kz