Қырғызстанда экс-президенттерді айрықша мәртебесінен айыру мәселесі көтерілді
Қырғызстанда Сооронбай Жээнбеков пен Роза Отынбаеваны экс-президент мәртебесінен айыруды ұсынды.
Бұл бастамаға 15 мың адам қол қойған. Белсенділер бұрынғы саясаткерлер өмір бойы сол сұғылмаушылық құқығына ие болып, жоғары зейнетақы алуға лайықты емес деп есептейді.
Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен ажыратуды алғашқы болып 2020 жылдың қазанында халық толқуына қатысушылар көтерді. Олар бұрынғы президент парламент сайлауында заң бұзушылыққа жол беріп, жемқорларды қолдады деп есептейді.
Қарсылықтардың нәтижесінде Жээнбеков отставкаға кетуге мәжбүр болған. Бірақ соған қарамастан экс-президент мәртебесін сақтап қалған.
Тағы бір белсенділер Жээнбеков ғана емес Роза Отынбаевадан да экс-президент мәртебесін алуы керек деп есептейді. Ол Сәуір революциясынан кейін президент болған және бұл қызметте бір жарым жыл ғана отырып, билікті бейбіт жолмен өткізіп берген. Блогер Чынгыз Капаров оны халық сайламады, сондықтан оған артықшылықтар берілмеу керек деп есептейді.
«Жээнбековтің зейнетақысы 296 мың сом, Отынбаеваныкі 140 мың сом. Оның басқа шығындарына тағы миллион сом бөлінеді. Екі бұрынғы президент үшін жылына 280 мың доллар жұмсалады. Бұл заңсыз», — деді Чынгыз Капаров.
Отставкадан кейін Роза Отынбаева қор ашқан. Бұл қор Қырғызстандағы білім беру жобаларын қаржыландырады. Саясаткер зейнетақысын қайырымдылыққа жұмсайды.
Қырғызстанның бұрынғы бес президентінің екеуі – қуғында, біреуі – түрмеде, екеуі елде тұрады.
Бұрынғы президенттердің айрықша мәртебесін алып тастау мәселелесі жақында өздігінен қажетсіз болып қалуы мүмкін. Парламентте қаралып жатқан Конституцияның жаңа жобасында бұрынғы президенттер үшін ешқандай артықшылықтар берілмейді.
newstaraz.kz