Қырғызстанда кедейшілік деңгейі 38 пайыз болды
Жогорку Кенеш (қырғыз парламенті) депутаты Айбек Осмоновтың мәлімдеуінше, Қырғызстанда кедейшілік деңгейі 25 пайыздан 38 пайызға жетті.
Парламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутат мұндай мәліметті 20 маусымда парламент комитетінің отырысында келтірген. Депутат мұндай көрсеткішті БҰҰ-дан алғанын айтып, Қырғызстанда жұмыс орындарын ашуға үндеді.
Бұның алдында БҰҰ-ның адам құқықтары және кедейшілік мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Оливье де Шуттер Қырғызстанға келіп, үкіметтің кедейшілікпен күрес шараларын зерттеген. Ол қорытынды баяндамасын 2023 жылы маусымда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде жариялайды.
БҰҰ сарапшысы Қырғызстанның әрбір төртінші тұрғыны кедей тұратынын, 2022 жылдың аяғында кедейшілік деңгейі 38 пайызға жетуі мүмкін екенін ескерткен.
Қырғызстан Дүниежүзілік банктің әлемдегі ең кедей елдер рейтингінде 60-орында тұр. Банк мәліметінше, республика халқының 53 пайызы кедей тұрады.
Халқының бес пайызы кедей тұратын Қазақстан бұл рейтингте 122-орында тұр. Алайда Қазақстандағы кедейшілік межесі әлемдегі ең төменгілердің бірі болғандықтан, елдегі кедейлер санын нақты белгілеу мүмкін емес. Қазақстан үкіметі өткен айда өмір сүрудің төменгі млшері мен кедейшілік межесін көтеруді жоспарламағанын мәлімдеген.
newstaraz.kz