Қырғызстанда тамыз айында мемлекеттік қызметкерлердің айлығы өседі
Бұл жөнінде Жогорку Кеңештің отырысы кезінде үкімет басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді. Бірақ ол нақты цифрлар келтірмеді.
Бір ай бұрын үкімет басшысы қазан айына қарай елде зейнетақыға ақша қосылатынын айтқан. 1 сәуірден бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің және мәдениет саласы өкілдерінің айлығы көтерілген.
1 маусымнан бастап әлеуметтік көмекақы көбейген. Атап айтқанда, 2002 жылдың 17–18 наурыз оқиғасы, 2010 жылдың сәуір және маусым оқиғалары кезінде жақындарынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері артқан.
Қырғызстанда 28 мыңға жуық мемлекеттік және муниципал қызметкер бар.
newstaraz.kz