Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда жеті БАҚ жалған ақпаратпен күресетін Checkit Media платформасын жасады

newstaraz.kz

Қырғызстандағы жеті редакция бірігіп, жалған ақпаратпен күресуге арналған Checkit Media платформасын құрды. Жобаға Қырғызстандағы Интерньюс қолдау көрсетті.

Еске салайық, 2020 жылы төрт редакция “Медиа-БлокПост” ұлттық платформасына бірігіп, коронавирус індеті кезінде таралған жалған ақпараттармен күрескен. Сол кезде жобаға Factcheck.kg, “ПолитКлиника”, T-Media.kg және “Апрель ТВ” қосылған.

Медиа бірлігі індет кезінде халықтың үрейін ұшырған фейк жаңалықтарды әшкерелеуге көмектесті.

Редакциялар 2020 жылғы парламент сайлауы мен саяси дағдарыс кезінде де жалған ақпараттармен күрес жүргізді.

Фактчекерлер Қырғызстан мен Тәжікстан арасында 2021 жылғы көктемде және 2022 жылғы күзде шекарада болған қарулы қақтығыстар кезінде де белсенді жұмыс атқарды.

Енді фейктермен күреске тағы үш редакция қосылып отыр. Олар:Bulak.kg, Mediahub және “Баштан Башта”.

Қырғызстанда әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттардың көбеюі ақпарат алаңында қиындық туғызғаны бірнеше жылдан бері көтеріліп жүр. Фейктер сайлау немесе қоғамдық шаралар кезінде қаптап кетеді. Олар қоғам пікірін өзгертіп, жалған ақпарат таратуға тырысады.

Жақында Bulak.kg сайты әлеуметтік желілерде Азаттықтың Қырғыз қызметі мен «Кактус-медианы» жабуды талап еткендердің дені фейк аккаунт екенін анықтаған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »