Қырғызстанда жеті партия парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 31 тамызда Жогорку Кеңешке сайлауға қатысу үшін төрт партиядан өтініш түскенін мәлімдеді.
Олар — «Альянс, «Қырғызстанның жасылдар партиясы», «Жаратман Эл» және «Қырғызстанның біртұтас патриоттар партиясы».
30 тамызда «Социал-демократтар», «Улуттар Биримдиги» және «Ишеним» партиялары өтініш түсірген. Барлығы 7 партия болған.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров Жогорку Кеңешке сайлауды 28 қарашада өткізу жөнінде жарлыққа қол қойған. Орталық сайлау комиссиясына өтініш берудің соңғы күні — 3 қыркүйек.
Жаңа парламент 90 депутаттан тұрады. 54 мандат пропорционалды жүйе (саяси партиялар арқылы) бойынша, ал 36 депутат бір мандатты сайлау округтері арқылы, яғни мажоритарлы жүйе бойынша сайланады.
newstaraz.kz