Қырғызстанның Түркияға көмек қорына 70 миллионнан аса сом жиналды
27 ақпандағы мәлімет бойынша, Қырғызстан қаржы министрлігінің арнайы шотына 70 миллион 837,8 мың сом және 15 мың 250 рубль (шамамен 6.5 млн доллар) түсті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек қоры 7 ақпанда ашылған.
Бұның алдында Түркияның Қырғызстандағы елшілігі де арнайы шот ашылғанын жариялаған. Елшілік мәліметінше, 17 ақпанға дейін бұл қорға 992 мың 869 доллар және 1418 еуро жиналған.
Түркияның Қырғызстандағы елшісі Ахмет Садық Доған 27 ақпандағы баспасөз конференциясында зілзаладан зардап шеккендерге жылу жинау тоқтамағанын айтты.
6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысы мен Сирияның солтүстік-батысында магнитудасы 7,8 болатын жер асты дүмпуі тіркелді. Зілзаладан 50 мыңнан аса адам қаза болды. Ондаған мың адам баспанасыз қалды. Түркия үш ай төтенше жағдай жариялады.
newstaraz.kz