Новости на Newstaraz.

«Қысымды тоқтатыңдар». Өзбекстандық блогерлер президенттен көмек сұрады

newstaraz.kz

Өзбекстанда журналистер, блогерлер және азаматтық белсенділер бар 40-қа жуық адам президент Шавкат Мирзиявқа үндеу жасап, елде «шынайы сөз еркіндігін қамтамасыз етуге көмектесуді» сұрады.

Ашық үндеуде елде «жабық, бірақ қатты цензура» болып жатқаны жазылған. Мұның алдында бірқатар журналистерге және блогерлерге қуғындау басталғаны туралы мәліметтер шыққан.

Үндеу жариялаған күні, 3 наурызда Қашқадарияда сот блогер Элмурад Одилдин (Элмурад Одилов) аппеляциялық арызын қанағаттандырған жоқ. Ол газ және электр энергиясына байланысты мәселелерді көтеріп, сенат төрайымы Танзила Нарбаеваның отставкасын талап етіп жүрген. Өткен айда блогер 15 күнге қамалып шықты. Оның алдында билікті сынап жүрген тағы бір блогер Эмине-Лемара Мирзаахмедова ұсталды.

Билік Kompromat.uzb Телеграм-каналына байланысты қамалған блогер Абдукодир Муминов, журналистер Хуршид Далиев, Мавжуда Мирзаева және Сиявуш Хашимов бастаған бірқатар адамдар туралы мәлімет бермей келеді.

Мирзияев пен оның жақындарын коррупцияға, тамыр-таныстыққа жол бергеніне байланысты сынап келген ташкенттік блогер Шахида Саломова «психикалық денсаулығын тексеру үшін» деген негізде ауруханаға жатқызылды.

Шавкат Мирзияев билікке келгенде, сөз еркіндігін қамтамсыз етуге байланысты бірқатар уәделер берген. Бірақ соңғы кездері медиаға қарсы қысым күшейгені көп айтыла бастады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »