Қытай Тайвань аралдарында тағы әскери жаттығу бастағалы жатыр
Қытай армиясы Тайвань айналасындағы аралдарды қоршау мақсатында тағы әскери жаттығу жасайтынын мәлімдеді. Бұл жөнінде South China Morning Post басылымы хабарлады.
Әскери жаттығудың қашан аяқталатыны айтылмайды. Халықаралық бақылаушылар ҚХР Тайвань аудандарында жаппай әскери жаттығуды үдете береді деп есептейді.
Осының алдында Тайваньнің қарулы күштері әскери снарядтар лақтырып, жаттығу өткізген. Тайван билігі аралдарға шабуыл жасау мақсатында жаттығу өткізіп жатыр деп мәлімдеді.
4 тамызда Қытай АҚШ-тың өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келіп кеткеннен кейін әскери жаттығуын қайта бастаған. Ол соңғы 25 жылда бірінші рет келген америкадағы ең жоғары лауазымды тұлға. Қытай оның сапарын ел тұтастығына қол сұғу деп есептейді. Әскери жаттығу 7 тамызда басталған, бірақ қытай билігі 8 тамызда жаңа әскери жаттығу жайлы мәлімдеді.
Қытай билігі Тайвань өз территориямыз деп есептеп, қайта қосып алғысы келеді. АҚШ БҰҰ-ның басым елдері секілді Тайваньды тәуелсіз мемлекет деп есептемейді. Бірақ Қытайдың Тайваньға төндіріп жатқан қауіпіне қарсы тұрып жатыр.
newstaraz.kz