Қытайда балабақшаға шабуылдаушы алты адамды пышақтап өлтірген
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында балабақшалардың біріне жасалған шабуылдан кем дегенде алты адам қаза болды.
Олардың арасында бір тәрбиеші, екі ата-ана және үш бала бар дейді жергілікті билік өкілі. Күдікті ұсталды.
Жантүршігерлік оқиға дүйсенбі күні таңертең Ляньцзян уезінде болды. Полиция қылмысты «қасақана шабуыл» деп атады. Күдікті шабуылдан жиырма минуттан кейін ұсталды. Қылмыс себебі анықталып жатыр.
Кейінгі жылдары Қытайда пышақпен шабуылдау оқиғалары жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектептерде де болған. Былтыр жазда бір адам елдің оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясында балабақшаға шабуылдап, үш адамды өлтірген. 2021 жылғы сәуірде Бэйлюй қаласындағы шабуылдан екі бала қаза болған. 2018 жылғы қазанда Чунцин қаласындағы балабақшаға жасалған шабуылдан 14 бала жараланған.
2018 жылы Шэньси провинциясындағы орта мектепке жасалған шабуылдан жеті оқушы қаза болып, 12 оқушы жараланған.
newstaraz.kz