Қыз зорлады деп айыпталған өзбек әншісі Жасур Умиров түрмеден шықты
Кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген айыппен бес жылға сотталған әнші Жасур Умировтың жазасы өзгертілді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, 8 маусымда Жоғарғы кассациялық сот Жасур Умировтың үкімін жеңілдеткен.
Соттың мұндай шешім қабылдауына жәбірленуші қыздың әншіге ешқандай арызы жоқ деп айтқаны себеп болған.
2 ақпанда әнші Умиров кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген айыппен бес жылға сотталды. Жәбірленуші Шахзода Муминованың айтуынша, әнші оған үйленуге уәде берген.
newstaraz.kz