Үндістан мен Қытай аймаққа ықпалын арттыруға күш салған шақта Моди ОА елдері басшыларымен саммит өткізді
Үндістан мен Орталық Азияның бес мемлекетінің басшылары 27 қаңтар күнгі онлайн-саммитте әріптестік мәселелерін талқылады. Нью-Дели пен Пекин аймақта ықпалын арттыруға күш салып отырған шақта саммит өтіп отыр. Мәскеу постсоветтік елдерді өзінің ықпал ету аймағы ретінде көреді.
«Үндістанның тығыз қарым-қатынас орнатқан тұрақты көрші ұғымында Орталық Азия маңызды орынға ие» деді Үндістан премьер-министрі Нарендра Мори саммитте. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары қатысты.
Екі күн бұрын Қытай президенті Си Цзиньпин Орталық Азия елдерімен осыған ұқсас саммит өткізіп, аймақ елдеріне экономика мен қауіпсіздігін нығайтуға көмек ретінде 500 млн доллар қаражат бөлетінін мәлімдеген.
Үндістан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Үндістан – Орталық Азия саммитінде басшылар «сауда және байланыс, қауіпсіздік және қорғаныс саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін» талқылаған.
Мәлімдемеде сонымен бірге тараптардың «инклюзивті үкіметі бар бейбіт, қауіпсіз әрі тұрақты Ауғанстанды қолдайтынын» растағаны жазылған.
«Бәріміз Ауғанстандағы жағдайға алаңдаймыз, тамыз айында тәліптер билікке оралғаннан кейін ол жақта гуманитарлық жағдай күрт ушыққан. Осы тұрғыдан алғанда аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін өзара әріптестіктің маңызы арта түседі» деді Моди.
newstaraz.kz