Үндістан шетелге экспорттайтын дәрілерді тестілеуден өткізеді
Үндістан жөтелге қарсы шәрбатты экспортқа шығарар алдында тестілеуден өткізеді. Елдің үкіметі осындай жарлық шығарды деп хабарлайды Reuters. Үндістаннан шығарылған шәрбаттан былтыр Өзбекстанда ондаған бала көз жұмған.
Үндістан үкіметінің жарлығына сәйкес, шетелге шығарылатын шәрбаттар міндетті түрде мемлекеттік зертханадан тексеріліп, арнайы сертификат алуы тиіс. Мұндай тәртіп 1 маусымнан бастап күшіне енеді.
41 млрд доллар айналымы бар Үндістанның фармацевтикалық өндірісі әлемдегі ең ірі дәрі шығаратын өндіріс ошағы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жөтелге қарсы шәрбаттан улы зат анықтағаннан кейін, оның беделі күрт түсіп кетті.
Үндістан шәрбатынан былтыр Гамбияда 70 бала, Өзбекстанда 19 бала қайтыс болды.
newstaraz.kz